«Ақжайық» ресейлік команданы жеңді

«Ақжайық» ресейлік команданы жеңді

13 ақпанда допты хоккейден жоғарғы лига командалары арасындағы бүкілресейлік жарыс аясында «Ақжайық» - ««СКСО «СКА-Свердловск» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өз алаңында өткен ойында оралдық «Ақжайық» 4:2 (2:1) есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі сәтте қазақстандық клуб 46 ұпаймен ІІ тобында үшінші орында тұр. Бұл топта Воткинсктің «Знамя-Удмуртия» командасы көш бастап келеді. Ал екінші орында Краснотуринскінің «Маяк» командасы жайғасқан.

«Ақжайық» келесі матчын 16 ақпанда «Маякқа» қарсы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или