Жәнібек Әлімханұлы Артур Бетербиевтің андеркартында жұдырықтасады
Кәсіпқой рингте бірде-бір қарсыласына есе жібермеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін Канада елінде өткізеді. <br /><br />Жәнібек Әлімханұлы 28 наурыз күні Квебек қаласында өтетін ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) пен қытайлық Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасады.
Еске сала кетсек, Әлімханұлы 10 қараша күні Калифорнияда өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Альберт Онолуносты нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерін қорғап қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или