Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталы кезеңі аясында Чехия құрамасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 5:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Бұл ойын осы кезеңдегі соңғы кездесу болатын. Алғашқы екі ойынның бірінде жеңіліп, бірінде тең ойнаған Кака шәкірттеріне бүгін тек қана жеңіс керек еді.

Осыны толық түсінген қазақстандықтар кездесуді ширақ бастады. Әрі матчтың алғашқы төрт минуттында үш гол соғып, бірінші таймды жеңіспен аяқтады. Үш голдың екеуін Дуглас, біреуін Тайнан соқты.

Екінші таймды алаң иелері қарқынды бастағандай көрінгенімен, голды тағы да біздің ойыншылар соқты. Ойынның 23-ші минутында Дуглас хет-трик авторы атанды. Чехтар алғашқы голын екінші таймның екінші он минутында ғана соға алды. Бірақ Қазақстан құрамасы жеңісті уысынан шығарған жоқ. Қорытынды есеп 5:2 болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында күтпеген жерден Румынияға 1:3 есебімен есе жіберіп, екінші ойында Словенияны 4:3 есебімен жеңді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Кезекті әлем біріншілігі биыл 12 қыркүйектен 4 қазанға дейін Литвада өтеді. 

Қазақстан - Чехия - 5:2

Гол соққандар: Дуглас 3 (1:0), Тайнан 4 (2:0), Дуглас 4 (3:0), Дуглас 23 (4:0), Голы 36 (4:1), Тайнан 37 (5:1), Вокоун 40 (5:2)

Ескерту алғандар: Игита - Вагала

Төреші: Великанова (Ресей)

5 ақпан. Брно, «Водова» аренасы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Ұлттық құрама

Ұлттық құрама

Новости национальной сборной казахстана: сводка событий, интервью

Пікірлер 0