Футзал

Қазақстан Элиталық кезеңде Румыниядан жеңіліс тапты

Қазақстан Элиталық кезеңде Румыниядан жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Әлем чемпионатының Элиталық кезеңінде Румыниядан 1:3 есебімен ұтылып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Жақында ғана дәл осы Әлем чемпионатының негізгі кезеңінде жолдары түйіскен қос құрама арасындағы матч 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілген еді. Бұл жолы руминиялықтар тас-түйін дайындықпен куелген сыңайлы. Матч басталып, салған жерден шабуылдаған олар 3-минутта-ақ гол соғып кетті. Дәлірек айтқанда Стойка қарымта шабуылда қақпаны дәл көздеп кетті.

Алғашқы таймда Қазақстан футзалшыларының бірнеше мүмкіндігі болған. мәселен Біржан Оразов ашық қақпаға допты енгізе алмай, пұшайман болды. Ал екінші тайм соңында Савио мен Тоница айналасы екі минуттың ішінде есепті 0:3-ке жеткізді. Матч соңында Оразовтың пасынан кейін Игита есепті сәл қысқартты.

Енді қазақ командасына соңғы екі ойында тек жеңіс керек. Келесі ойын 3 ақпанда Чехиядан жеңілген Словения болмақ.

Әлем чемпионаты. Элиталық кезең. D тобы. 1 тур

Қазақстан – Румыния – 1:3 (0:1)

Гол соққандар: Стойка 2 (0:1), Савио 33 (0:2), Тоница 34 (0:3), Игита 39 (1:3)

Ескерту алғандар: Сеч (Румыния)

Төреші: Кадыков (Ресей)

2 ақпан. Брно. «Водова» спорт холы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер