Футзал

Қазақстан Словенияға қарсы матчта жеңісті жұлып алды

Қазақстан Словенияға қарсы матчта жеңісті жұлып алды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Әлем чемпионатының Элиталық кезеңінде Словенияны 4:3 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдегі алғашқы матчтарында қос құрама да ұпайсыз қалған болатын. Жерлестеріміз румындарға есе жіберсе, Словения жарыс қожайындары чехтардан 0:4 есебімен ұтылды.

Словениялықтар чехтарға сөзсіз тізе бүккенімен, Қазақстанға айтарлықтай қарсылық танытты. Матчтың аяқталуына екі минут қалған кезде, жерлестеріміз 2:3 есебімен ұтылып жатқан еді. Бағымызға орай, Лео 38-ші минутта, Дәурен Тұрсағұлов соңғы 40-шы минутта гол соғып, Кака шәкірттеріне жарыстағы алғашқы жеңісті сыйлады.

Соңғы матчта Қазақстан екі матчта алты ұпайға қол жеткізген Чехия құрамасымен кездеседі. Бірінші орынға ие болу үшін қазақстандықтар кемі бес доп айырмашылығымен ұту керек.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға тұрақтаған құрама Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орынға ие болған команда басқа топта екінші орын алған командамен матч өткізіп, жеңген құрама да құрлық додасында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Соңғы тур алдында Чехия құрамасында алты ұпай. Қазақстан мен Румыния еншілерінде үш ұпайдан. Соңғы орындағы Словенияда ұпай жоқ.

Әлем чемпионаты. Элиталық кезең. D тобы. 2 тур

Гол соққандар: Ақбалықов 18 (0:1), Фидершек 28 (1:1), Фетич 31 (2:1), Дуглас 32 (2:2), Чуец 34 (3:2), Лео 38 (3:3), Тұрсағұлов 40 (3:4)

Төреші: Неверов (Ресей)

3 ақпан. Брно. «Водова» спорт холы.

Қазақстан футзалшылары Румыния қақпасына 83 соққы жасаған

Кака: Нәтижеден сабақ шығарамыз

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер