Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Нефтехимикті» ұтты

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Нефтехимикті» ұтты
news-banner7
mobile-news-top

КХЛ-дің тұрақты маусымы аясындағы кезекті матчта «Барыс» Нижнекамсктің «Нефтехимигін» 2-1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таблодағы есепті 22-минутта жартылай қорғаушы Даррен Диц ашты. «Нефтехимик» 45-ші минутта Мэтт Уайттың күшімен таразы басын теңестірді. «Барыс Аренаға» жиналған жанкүйерлердің қуанышына орай, 49-шы минутта Антон Сагадеев гол соғып, «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Барыс» плей-оффқа жолдама алды. Команда Шығыс конференциясының кестесінде үшінші орында.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

Шайбы соққандар:

1:0 — 21:46 Диц (Михайлис)
1:1 — 44:51 Уайт (Порядин)
2:1 — 49:00 Сагадеев (Петухов)

Қақпашылар: Паскуале — Барулин

«Барыс» ойыншысы соққан шайбы аптаның үздігі

«Барыстың» клубтық автобустар пайда болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер