ММА

UFC 246 турнирі: 2 миллион ақылы трансляция сатылған

 UFC 246 турнирі: 2 миллион ақылы трансляция сатылған
news-banner7
mobile-news-top

Басты жекпе-жегінде Конор МакГрегор мен Дональд Серроне жұдырықтасқан UFC 246 турнирінде сатылған ақылы трансляцияның (PPV) мөлшері анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Themaclife.com сайтының хабарлауынша, МакГрегор-Серроне кездесуі ESPN+ жүйесінде екі миллион ақылы трансляцияны (PPV) құраған көрінеді. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт бұл жекпе-жектің ақылы трансляциясы жоспардағыдан екі есе көп болғанын айтқан еді.

Ал МакГрегордың өзі бұл жекпе-жектен 80 миллион доллар тапқанын айтады. Оның 3 миллионы турнирден алған гонорар екені белгілі.

Ерекше айта кетерлігі, ақылы трансляция (PPV) сатудан ММА тарихындағы рекорд UFC 229 турнирінде орнаған. Басты жекпе-жегінде Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов өнер көрсеткен кештің ақылы трансляциясы 2 миллион 400 мыңды құраған.

UFC тарихында ақылы трансляциядан мол пайда әкелген бес жекпе-жектің төртеуі МакГрегордың қатысуымен өткен. Ирландиялық файтердің жеті жекпе-жегі 11 миллионнан астам ақылы трансляцияға ие болған.

Айта кетейік, UFC 246 турнирі 19 қаңтарда Лас-Вегаста өтті. Бұл кеште МакГрегор Дональд Серронмен кездесіп, қарсыласын раундта-ақ техникалық нокаутқа түсірді.

UFC президенті: Хабиб - Конор реваншы Ресейде өтпейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер