Геннадий Головкин: «Келесі кездесуімді Мигель Коттоға қарсы өткізгім келеді»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Марко Антонио Рубиоға қарсы жеңісі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Маған Рубиоға қарсы кездесу ұнады, мен осы сәтпен рахаттандым. Қарсыласыма соққыға күш салмайтынымды көрсетпек боп бірінші раундты тамаша өткізе алмадым. Бұл менің Лос-Анджелестегі алғашқы кездесуім болатын, жанкүйерлеріме қолдағаны үшін рахмет. Қазір менде үш чемпиондық белбеу бар, сондықтан кез келген боксшымен кездесуге дайынмын. Дегенмен келесі кездесуімді Мигель Коттоға қарсы өткізгім келеді. Оның ұлы чемпион екенін білемін. Одан бөлек, Канело немесе Чавес-кішімен рингке шығуға дайынмын», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или