«Зенит» директоры: Исламхан бойынша Аршавинмен ақылдастық

«Зенит» директоры: Исламхан бойынша Аршавинмен ақылдастық
news-banner7
mobile-news-top

«Зениттің» бас директоры Александр Медведев қазақстандық Бауыржан Исламханның кандидатурасы бойынша Андрей Аршавинмен ақылдасқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Исламханның «Зенит» ойыншысы атануы қаралымда өзін қалай көрсеткеніне байланысты болады. Бұл соңғы жылдары Қазақстанның үздік ойыншысы, құраманың капитаны, «Қайраттың» капитаны болды. Қазақстандағы сарапшылармен сөйлестім, олар Исламханның үздік ойыншы екенін айтты. Әрине, бұл кандидатура бойынша Андрей Аршавинмен де ақылдастық», - деді Медведев.

Айта кетейік, Андрей Аршавин 2016-2018 жылдар арасында «Қайратта» Бауыржан Исламханмен бірге ойнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер