Әлем футболы

«Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді

«Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын премьер-лигасының 23-ші турында «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» тартысты матч өткізді, деп жазады Prosports.kz.

«Энфилд» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен Юрген Клопп баптайтын ұжымның пайдасына аяқталды. Бірінші таймда бұрыштамадан кейін Вирджил ван Дейк есеп ашты. Ал матчтың соңғы секундтарында Мохамед Салах қарымта шабуылда де Давид Де Хеадан айла асырып, матчқа нүкте қойды.

23-ші тур қорытындысы бойынша «Ливерпуль» 64 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші сатыдағы «Манчестер Ситиде» 48 ұпай.

Еншісінде 34 ұпайы бар «Манчестер Юнайтед» бесінші орынға жайғасқан.

АПЛ. 23-тур

«Ливерпуль» - «Манчестер Юнайтед» - 2:0(1:0)

Голдар: Ван Дейк, 15 (1:0), Салах, 90+3 (2:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер