Отыз бірінші жеңіс. Рубио екі раундқа шыдамады

Отыз бірінші жеңіс. Рубио екі раундқа шыдамады

Ел үмітін арқалап шыққан Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Рубин АҚШ-та Калифорния штатының Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында жұдырықтасты, деп хабарлайды prosport.kz/kz.

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен шаршы алаңда кім мықтыны сарапқа салды. Алғашқы минуттардан басымдықты өз қолына алған Гена бірінші раундата қарсыласына бірнеше мәрте дәл соққысын дарытты. Алма кезек соққы алмасқан алғашқы кезеңде қазақстандық боксшының айқын басымдығы білінді. Екінші раунд басталысымен Головкин қорғанысты ұмытып, шабуылға шықты. Рубионы бір бұрышқа тықпыртып, соққы жасаумен болды Геннадий. Осындай шабуылдың бірінде Гена сол қолымен қарсыласына жойқын соққы жасап, есеңгіретіп тастады. Марко Рубио қайта тұруға тырысқанымен, бас қазы Джек Реисс саусағымен 10-ға дейін санап, Рубионың орнынан көтеріле алмағандықтан жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин Әлемдегі ең үздік боксшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы атағын иеленді. Жарайсың, Гена!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или