Әлем футболы

Хави: Сетьен жетістікке жетеді, ал маған әлі ерте

Хави: Сетьен жетістікке жетеді, ал маған әлі ерте
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» осы аптада бас бапкерімен қош айтысты, ал Вальверденің орнына дәл қазіргі кезде Қатарда жұмыс істеп жүрген команданың экс-хавбегі Хави басты үміткер болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялықтар аңыз ойыншыға балайтын Хави үлкен клубтарға бас жаттықтырушы атануға әлі ерте дейді.

«Барселона» ұсыныс тастады, алайда мен бас тарттым. Бұл ұжымды жаттықтыруға әлі ерте. Әрине бұл менің арманым, бірақ оны дәл қазір орындай алмаймын».

«Жаңа бапкер Кике Сетьен жетістікке жетеді деп сенемін. Маған оның стилі ұнайды», дейді Хави.

Айта кетелік, 39 жастағы хавбек каталониялықтар сапында 767 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер