Этникалық неміс Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы атануы мүмкін

Этникалық неміс Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы атануы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Тулалық «Арсенал» командасының қорғаушысы Роберт Бауэр Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

«Егер мен Ресей немесе Қазақстан азаматтығын алуды жөн көріп, олар маған келісім берсе, мен байыптырақ ойланып барып келісер едім . Бірақ мен қазір бұл туралы ойламаймын. Бұл елдердің маған қаншалықты қызығушылық танытатындығына байланысты», - дейді Бауэр.

Роберт Бауэр Германияда дүниеге келген, ал ата-анасы Қазақстаннан туып-өсіп, кейіннен Германияға көшкен.

Бауэр Бундеслигада Ингольштадт, Вердер Бремен және Нюрнберг клубтарында ойнады. 2019 жылы 23 жастағы қорғаушы сол кезде Ресей премьер-лигасындағы Туланың «Арсенал» командасымен келісімшартқа отырды. Неміс олимпиадалық құрамасының құрамында ол Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер