Ермахан Ибраимов: «Биылғы нәтижеден артық көрсеткіш болмайды»

Ермахан Ибраимов: «Биылғы нәтижеден артық көрсеткіш болмайды»

Олимпиада және әлем чемпионы Ермахан Ибраимов Қазақстан боксшыларының Азия ойындарындағы өнеріне баға берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Негізі бұл – тарихта болмаған көрсеткіш. Бұған дейін Азия ойындарында көп дегенде үш алтын алған едік. Азиадада боксшылар он салмақ дәрежесінде сынға түседі. Шынына келгенде, осы үлкен Азиядан Қазақстанның бес-алты боксшысына қарсы тұратын былғары қолғап шебері табылмайды деп ойлайсыз ба? Табылады. Азиядағы миллиардтаған адамның ішінен біздің боксшыларға қарсылық көрсететін спортшының шығары анық. Сондықтан биылғы нәтижеден артық көрсеткіш болмайды», - деді Ибраимов.

Естеріңізге сала кетсек, Инчхонда өткен Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алты алтын, бір күміс және бір қола жүлде алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или