Әлем футболы

Исламбек Қуаттың командаласы Бахтияров ойнайтын клубқа ауысады

Исламбек Қуаттың командаласы Бахтияров ойнайтын клубқа ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің «Сочи» клубы «Оренбург» шабуылшысы Джордже Деспотовичтің трансфері туралы келіссөздерді бастады, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Сочи құрамасының бас бапкері Владимир Федотов «Астана» мен «Қайраттың» бұрынғы ойыншысына қызығушылық танытты. Бапкер бұған дейін орынборлық командаға жетекшілік еткен, футболшымен жақсы таныс.

Айта кетелік, 27 жастағы сербиялықтың клубпен келісім-шарты осы маусымның соңына дейін болуы мүмкін.

Еске салайық, қазақстандық Исламбек Қуат осы маусымда Деспотовичтің командаласы болды. Ал «Сочи» құрамында тағы бір қазақстандық шабуылшы Акмал Бахтияров бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер