«Ертістің» жолдастық матчтағы екі қарсыласы белгілі болды

«Ертістің» жолдастық матчтағы екі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» алғашқы оқу-жаттығу жиынында кездесетін командалар белгілі болды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

18 қаңтар күні павлодарлық клуб түркімендік «Ахал» командасына қарсы ойнайды.
Соңғы маусымда «Ахал» ФК Түркіменстан чемпионатын екінші орынмен аяқтаған болатын.

Ал 24 қаңтар күні ресейлік «Олимп» Химки ФК қарсы жолдастық кездесу жоспарлануда. Мәскеу облысының қарамағындағы Химки қаласының намысын қорғайтын команда ресейдің кәсіби лига біріншілігінде өнер көрсетеді. Аталмыш ұжымды белгілі ресейлік маман Ринат Билялетдинов жаттықтырады.

Павлодарлық клуб матчтардан тікелей түсірілім жасауды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер