«Қызылжарға» молдовалық бапкер келді

Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубының бас бапкері болып молдовалық маман Вячеслав Руснак тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Вячеслав Руснак 1975 жылы Молдованың Бельцы қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабын 1992 жылы жергілікті «Олимпия» командасында бастады. 2004-2010 жылдарда Қарағандының «Шахтер» командасының намысын қорғады. </span>
<span>2011 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. Соңғы қызмет еткен орны - Молдованың «Милсами» командасы. Аталмыш клуб 2017 жылы өз елінде күміс жүлдегер атанды. </span>
<span>Сондай-ақ, «Қызылжар» командасының бапкерлер құрамына Юрий Чухлеба, Андрей Мацюра, Александр Петухов және Александр Кучма кірді. «Қызылжар» былтыр бірінші лигада сынға түсіп, бірінші орын алды. Нәтижесінде биыл Премьер-лигада бақ сынауға мүмкіндік алды. </span>
<span>Бұдан бұрын Али Алиевтің «Қызылжардың» бас бапкері қызметінен кеткені хабарланған.</span>