Бангкоктағы турнир Керімбаева үшін сәтсіз аяқталды

Кәмила Керімбаева Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан «Singha — Bec Tero ITF Women Circuit 2» турнирінде бірінші айналымнан кері қайтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші айналымда 19 жасар қазақстандық Кәмила 37 жастағы жергілікті теннисші Тамарин Танасугарнге екі сетте жол берді – 2:6, 3:6.

Керімбаеваның жұптық сайыста да жолы болмады. Ресейлік Евгения Пашковамен дуэт құрған ол тайбэйлік Чи Ю-Хсю мен словакиялық Зузана Злохова жұбынан жеңіліп қалды – 5:7, 5:7.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или