Ерік Алғабек: Лицензиялық турнирге Жапония құрамасымен бірге жаттығамыз

Ерік Алғабек: Лицензиялық турнирге Жапония құрамасымен бірге жаттығамыз

<span>Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Ерік Алғабек Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған  халықаралық турнирді қорытындылап, алдағы маусымға қатысты жоспарларымен бөлісті.</span>

<span>«Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жоғары дәрежеде өтті. Қытай, Өзбекстан мен Ресей спортшылары біздің спортшыларға қарымды қарсылық таныта білді. Ресейліктер әлем чемпионатына қатысқан негізгі құрамды алып келді. Ал турнир кезінде біздің боксшылар бабында болды. Жарылғапов турнирі спортшылар үшін ғана емес, бапкерлер үшін де өте тартысты өтті. </span>

<span>Әрбір салмақ дәрежесінде үлкен бәсекелестік бар екенін байқадық. 51 келіде ұлттық құрама үздіктері Назым Қызайбай, Ангелина Лукас, Жайна Шекербекова мен Жансая Әбдірайымова түгел қатысты. Кейбір жекпе-жектерде екі боксшының да жеңіске жететін мүмкіндігі болды. Алайда, барлығын төрешілер анықтады.  57 келіде бізде чемпион болған жоқ. Демек, бұл салмақты күшейту қажет. 60 келіде 2020 Олимпиада ойындарының жолдамасына таласатын бірнеше мықты спортшылар бар. Турнир кезінде Римма Волосенко өзінің бұл салмақтағы көшбасшы екенін дәлелдеді. 69 келіде де бәсекелестік өте жоғары. 75 келідегі сөзсіз үздік боксшы – Надежда Рябец. </span>

<span>Ол Фариза Шолтай, Ақерке Бақытжан сынды ұлттық құрама мүшелерін жеңіп кетті.  Лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар құрамын соңғы оқу-жаттығу жиынынан соң анықтаймыз. Боксшыларды олардың үздік нәтижелеріне қарап іріктеп аламыз. Ал лицензиялық турнирге дейін бірнеше дайындық кезеңін өткіземіз. Оның ішінде, Жапония құрамасымен өтетін бірлескен оқу-жаттығу жиыны да бар», - дейді Ерік Алғабек. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или