Марко Антонио Рубио: «Головкиннің кезекті құрбаны болмаймын»

Қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио қарсыласы туралы ойымен бөлісті.

«Мен өз қарсыласымды қатты құрметтеймін. Головкиннің үлкен күшке ие тамаша боксшы екенін білемін, бірақ мен де мықтымын. Өз жанкүйерлеріме керемет жеңіс әкелсем деп армандаймын. Менде соққы бар, тойтарыс бере аламын. Бұл кездесу үшін ең керекті нәрсе, сондықтан басқа ештеңені ойламаймын.

Головкиннің кезекті құрбаны болмай, боксшылар әлемінде құрметті адам болу үшін бар күшімді саламын», - деді Рубио.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Рубио кездесуі 18 қазанда Калифорниядағы StubHub Center аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или