Қазақстан U-18 Малайзия баскетболшыларына есе жіберді

Иордания астанасы Амманда баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты өтуде. ІІ дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы 13 қазанда малайзиялық құрдастарына жол берді.

Ойынның бірінші бөлігінде қазақстандықтар басым болды – командалар үлкен үзіліске кетерде есептегі айырмашылық «+7-ні» құрады. Алайда үшінші кезеңде Ирина Шаврина шәкірттері тас-талқан болып жеңілді – 5:23. Бұл нәтиже қазақстандық қыздарға соққы боп тисе керек, жалпы алғанда 55:64 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл – Қазақстан құрамасының чемпионаттағы үшінші жеңілісі. Бұған дейін олар Шри-Ланка (61:70) мен Гонконг (63:78) командаларына жол беріп, Иордания құрамасынан (59:45) айласын асырды.

Малайзия – Қазақстан 64:55 (11:13, 15:20, 23:5, 15:17)

Қазақстан: Багмет (11), Арзамасцева (10), Хуррамова (9), Имамбаева (7), Абикеева (5), Ковалевская (5), Коцианиди (4), Оленберг (2), Әлімбекова (2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или