ММА

Нурмагомедовтың әкесі АҚШ-қа бару үшін Қазақстаннан көмек сұрады

Нурмагомедовтың әкесі АҚШ-қа бару үшін Қазақстаннан көмек сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов (28-0) келесі көктемде ұлының американдық Тони Фергюсонмен (25-3) жекпе-жегінде қолдау көрсету үшін Қазақстаннан көмек сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz, russian.rt порталына сілтеме жасап.

Осыған дейін бірнеше рет АҚШ-қа виза сұрағанымен Нурмагомедовке консулдық бас тартқан еді. Бұл жолы ол құжаттарды Қазақстан арқылы тапсыруды шешті.

- Мен виза алуға тырысамын. Құжаттарды Қазақстанға жібердік. Қашан шақыратынын күтіп жүрмін. 22-сі Алматыда боламын. Бәрі сәтті болады деп үміттенемін», - деді Абдулманап Нурмагомедов Махачкаладағы МММ залының ашылу рәсімі кезінде.

Еске салсақ, Нурмагомедов-Фергюсон жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер