ММА

Қуат Хамитовтың қарсыласы Қазақстанда төбелесуден бас тартты

Қуат Хамитовтың қарсыласы Қазақстанда төбелесуден бас тартты

Қазақстандық MMA файтері Қуат «Найман» Хамитов компанияның чемпионы Нурулло Алиевпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты. Спортшының айтуынша, оның қарсылас командасы Қазақстанға келуден бас тартты. Бұл туралы Хамитов Prosports.kz сайтына айтып берді. 

- Алиевпен жекпе-жегіміз өтпейтін болды. Оның командасы Қазақстанға келуден бас тартты. Тәуекелге барғысы келмейді. Себебі, олар қазақстандық төрешілерден қауіптенеді. Төбелес мерзімінен бұрын аяқталмай, соңғы секундтарға дейін созылса, жеңісті міндетті түрде маған береді деп есептейді. 

Нурулло Алиев ешқашан жеңілістің дәмін татпаған спортшы. Осы рекордын бұзып алудан қорқады. Ал, төрешілер мәселесі... Мен онымен келіспеймін. Қарапайым ғана мысал, мен өз елімде шетелдік қарсыластарыма бірнеше рет жеңілдім - деді Хамитов. 

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Алматыда GFC 23 турнирі өтіп, онда Қуат Хамитов кештің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Нурилло Алиевпен төбелесуі тиісуі керек еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0