Қазақстандық команданың «УЕФА Аймақтар кубогындағы» қарсыласы анықталды

Қазақстандық команданың «УЕФА Аймақтар кубогындағы» қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Швейцарияның Ньон қаласында әуесқой командалар арасында өтетін «УЕФА Аймақтар кубогы-2020» турнирінің жеребесі тартылд, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде барлық командалар екі топқа бөлінеді - «А» және «В». Қазақстан құрамасы Мальта, Беларусь және Македония чемпиондарымен бірге «В» тобына түсті. Келесі кезеңге әр топтың ең үздік екі командасы жолдама алады.

Матчтар келесі жылдың 24 мамырынан 30 мамыры аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің елден «БН Қаскелең» - «Гефест» матчының жеңімпазы осы турнирге қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер