«Алматылық Легион» Суперлиганы сәтсіз бастады

«Алматылық Легион» командасы баскетболдан ресейлік Суперлиганы жеңіліспен бастады.

«Химки-Подмосковьеге» қарсы ойнаған алматылықтар бірінші кезеңде 15:17 есебімен алаң иелеріне жол берді. Алғашқы үзілістен кейін есеп айырмасында 17 ұпай болды. Нәтижесінде «Химки-Подмосковье» ірі есеппен жеңіске жетті – 68:45.

Суперлигасындағы келесі ойынын алматылықтар 14 қазанда Ижевскіде «Купол-Родникиге» қарсы өткізеді.

«Химки-Подмосковье» (Химки) – «Алматинский Легион» (Алматы) 68:45 (17:15, 22:5, 13:13, 16:12)

«Алматылық Легион»: Фадеев (15), Свиридов (11), Воейков (6), Михеев (6), Марчук (2), Котенко (2), Кожанов (2), Амирханов (1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или