Әлем футболы

ФИФА Африкада стадиондар салу үшін қаржы жинамақ

ФИФА Африкада стадиондар салу үшін қаржы жинамақ
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА президенті Джанни Инфантино Африка құрлығының әр еліне халықаралық талаптарға сай кем дегенде 1стадион салу үшін 1 миллиард АҚШ долларын жинау керектігін айтты, деп жазады Prosports.kz.

ФИФА басшысы бұл туралы Конго ДР «ТП Мазембе» клубының 80-жылдығына барғанда сөз етті.

Инфантино бұл мәселенің күрделі екенін, сол себепті футболдың дамуын қалайтын әлемдік белгілі компанияларды тартқысы келетінін жеткізді.

Ұйым төрағасы бұдан бөлек, Африка құрылғының футбол клубтары экономикалық күш-қуаттарын жақсартуы және мықты футболшыларды өз командаларында алып қалуы үшін жаңадан тиімді турнирлер ұйымдастыруды арнайы мамандарға тапсырғанын да айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер