Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін отандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін отандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өтеді, деп жазады Prosports.kz.

<span>«Қазақ сарбазының» кезекті қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Виллалобос (12-5-2, 7 КО). Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегінде Давид Льеме мен Макс Бурсак жұдырықтасады.</span>

<span>Ахметовтың жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.</span>

Айта кетейік, Садриддин соңғы жекпе-жегін 25 қазанда өткізіп, жетінші раундта мексикалық Джонни Наварретті (33-16-2, 15 КО) нокаутқа жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или