Бокс

Садриддин Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Садриддин Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) келесі қарсыласының кім екенін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміздің қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Виллалобос болмақ (12-5-2, 7 КО). Бұл жекпе-жек 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өтеді. Осы кештің басты жекпе-жегінде Дэвид Леми Макс Бурсакпен кездеседі.

Еске салайық, Садриддин соңғы жекпе-жегін 25 қазанда өткізіп, жетінші раундта мексикалық Джонни Наварретті нокаутқа жіберген еді (33-16-2, 15 КО).

Оған қоса, Ахмедов бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы болып табылады.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер