Шомко - «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчының үздігі

Шомко - «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчының үздігі
news-banner7
mobile-news-top

Кеше «Астана Арена» стадионында УЕФА Еуропа лигасының 5-туры аясында жергілікті «Астана» мен атақты «Манчестер Юнайтед» кездескен болатын, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері ағылшын клубын 2:1 есебімен жеңді. Ал беделді WhoScored порталы өз нұсқасы бойынша матчқа қатысқан ойыншыларды бағалады.

Порталдың бағалауынша, МЮ қақпасына алғашқы голды соққан Дмитрий Шомко 7,8 балға ие болды. Айта кету керек бұл екі команда ойыншыларының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ Евгений Постников пен Дорин Ротариу 7,2 балға ие болды.

«Ман Юнайтед» арасында капитандық қызмет атқарған Джесси Лингард жоғары ұпайға ие болды - 7,5.

Толықтыра кетелік, қазақстандықтардың орташа балы - 6,81, ал ағылшындық клубтікі - 6,46 балды құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер