Футзал

Кака: Игита мен Дуглас Алматыдағы матчтарға қатыспауы мүмкін

Кака: Игита мен Дуглас Алматыдағы матчтарға қатыспауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Кака УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне дайындық аясында Мәскеуде өтетін матчтар, жарақат алған футболшылар жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Мәскеуге екі жолдастық матч өткізу үшін аттандық. Бізге мықты жасақталған команда қарсы ойнайды. Тәжірбие жинау үшін, және өз деңгейімізді көтеру үшін осындай ойындар бізге аса қажет.

Ресейге толық құраммен келген жоқпыз. Қиын болатына түсінікті. Жетекші ойыншыларымыз Дуглас пен Игита жарақат алып қалды. Игита ұлттық құрама сапында жарақаттанып қалған. Сондықтан, жаттығып жүрген жоқ. Дуглас та дәл солай. Мен бұл ойыншылардың Чемпиондар лигасының Алматыдағы элиталық матчтарына қатыса алмай ма деп қорқамын - деді Кака.

Еске сала кетейік, алматылық ұжым 14 және 15 қараша күндері «Газпром Югра» командасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді.

Чемпиондар лигасы. Элиталық кезеңнің билетті сатылымға шықты

Кака: Ойын жүйесін жақсарту қажет

Қайрат Оразбеков: УЕФА-ға алғысым шексіз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер