Футзал

«Қайрат» Мәскеуде «Газпром Юграмен» күш сынасады

«Қайрат» Мәскеуде «Газпром Юграмен» күш сынасады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңіне дайындық аясында Ресейде жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматылық футзал клубы 14-15 қараша аралығында «Газпром Югра» командасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, 21-24 қараша аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінің С тобындағы матчтары өтеді. «Қайрат» «Бенфика» (Португалия), «Эль Посо» (Испания) және «Песаро» (Италия) командаларымен бір топқа түскен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер