Футзал

Қайрат Оразбеков: УЕФА-ға алғысым шексіз

Қайрат Оразбеков: УЕФА-ға алғысым шексіз
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының директоры Қайрат Оразбеков Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңіндегі жеребе қорытындысы жайлы өз ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Осыдан жарты жыл бұрын ғана Алматыда «Қайрат», «Барселона», «Спортинг», және «Интер» секілді Еуропаның үздік клубтарының қатысуымен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі өтті. Ал қарашада «Бенфика», «Эль-Посо» және «Пезаро» ұжымдары келеді. Айналдырған алты айдың ішінде Алматыға қарт құрлықтың мықты ұжымдары қонақ болады деген сөз. Элиталық кезең ойындарының Қазақстанда өтуі жергілікті жанкүйерлер үшін үлкен мереке болмақ. Біз де жауапкершілікті жақсы сезінеміз. Барша жұртты қуантуға тырысамыз.

Топқа келер болсақ, «Бенфика» клубының менеджері Гонсало Алвеш өз командасын фаворит ретінде көретінін айтты. Өздерін тәжірбиелі, әрі биік шыңдарды бағындыруға дайын ұжым ретінде есептейді. Менің ойымша, төрт командада да шешуші кезеңге өтуге мүмкіндік бар. Топта Қазақстан чемпионы және Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері, Италия және Португалия чемпиондары, Испанияның вице-чемпионы бар. Кімнің мықты екенін олай оп-оңай айта салуға болмас. Барлық команданың деңгейі бірдей жоғары.

Бас бапкер Каканың алдында үш жыл ішінде Чемпиондар лигасында топ жару деген тапсырма тұр. Әлі уақыт бар.

Бізге үлкен сенім артып отырғаны үшін УЕФА-ға айтар алғысым шексіз. УЕФА кестесінің үздік үштігінде тұрған елдер Чемпиондар лигасына екі команда ұсына алады. Бұл ереже үшін де алғыс айтуға болады.

Қазақтанда футзал дамыған. Оны бүкіл әлем көріп отыр. Жоғарғы деңгейдегі жарыстарды абыроймен өткізе алатынымызды дәлелдеп келеміз. УЕФА да оны бақылып, оң бағасын беріп отыр. УЕФА 2022 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдауға өтініш білдерсіңіздер қалай болады деген ұсыныс жасады. Қазақстан футбол федерациясы және Қайрат Боранбаевпен бірігіп үлкен жұмыс атқардық. Турнирді қабылдауға 100 пайыз мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ, кейбір шенеуіктер бұл мерекенің маңыздылығын түсінбей аяқтан тартты. Менің ойымша, бұл үлкен қателік болды. Бірақ, болашақта Еуропа, тіпті Әлем чемпионатын өткіземіз деген үмітім бар. Оған Қазақстанның қауқары жетеді. Әлем де сенеді...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер