Командалық

Алматыда жаттығу кезінде қайтыс болған жасөспірімнің өліміне байланысты бапкері жұмыстан кетті

Алматыда жаттығу кезінде қайтыс болған жасөспірімнің өліміне байланысты бапкері жұмыстан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім қайтыс болуына байланысты жаттықтырушы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясында болды, оның проректоры Мұхтар Есқалиев жаттықтырушының балалармен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанына сендірді.

Дәрігерлер академияға 8 минутта жетіп үлгерді, бірақ бала олар келгенге дейін қайтыс болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жеткіншек өзін жаман сезініп, жүрегінен ұстап құлап кеткен. Жаттықтырушы оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысты. Алайда баланың өлімі тез болды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер