Бокс

Головкин мен «Канело» мамыр айында кездесуі мүмкін

Головкин мен «Канело» мамыр айында кездесуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы текетіреске мамыр айында нүкте қойылуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Промоутер Эдди Хирн Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы көп күттірген үшінші жекпе-жек жайлы сұраққа жауап берді.

«Канело» WBO тұжырымының жартылай ауыр салмақ чемпионы титулында Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін, өзіне таныс орта салмаққа қайта оралғысы келетіні белгілі болды. Мексикалықтың келесі қарсыласы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болуы мүмкін. Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті - біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

«Оның келесі қарсыласы Геннадий Головкин болуы керек. Менің ойымша, бұл барлық жанкүйер көргісі келетін жекпе-жек ... Головкин екеуміз келесі аптада кездесіп, бәрін талқылаймыз ... Мамыр айында жекпе-жекті өткізуге болады. Менің ойымша, қос боксшының кездесуі үлкен қызығушылық туғызады. Бәлкім, қазіргі уақытта бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек шығар», - деп келтіреді Хирннің сөзін boxingnews24.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді.

«Канело» - төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездескен Сауль, қарсыласын 11 раундта нокаутқа жіберді.

«Канело»: Головкинмен жекпе-жек бизнес тұрғысынан ғана қызық

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер