Бокс

«Канело»: Головкинмен жекпе-жек бизнес тұрғысынан ғана қызық

«Канело»: Головкинмен жекпе-жек бизнес тұрғысынан ғана қызық
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Головкин жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Осында келіп, маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Жеңіске жетіп, тарихқа атымды жаздым. Өте қуаныштымын. Мен әрқашан да жанкүйерлерімнен шыдамдылық танытуды сұраймын. Өйткені, «Канело» - бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жек пе? Мен бұған дейін Головкин мен үшін рингтегі қарсылас ретінде қызық емес екенін айттым. Бірақ бизнес тұрғысынан қызық. Көреміз», - деді Альварес.

«Канело» он бірінші раундта Ковалевті нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтың әлем чемпионы атағы мен белдігін Сергейден тартып алды. Қазір мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы.

«Қанат Альвареспен төбелессе, қай ауруханаға жатқызамыз»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер