Бокс

«Қанат Альвареспен төбелессе, қай ауруханаға жатқызамыз»

«Қанат Альвареспен төбелессе, қай ауруханаға жатқызамыз»
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес пен Сергей Ковалев кездескен болатын. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр. Prosports.kz сайты осыған орай, әлеуметтік желідегі қызықты жазбаларды назарларыңызға ұсынады

Самат Нұртаза, әлеуметтік желі белсендісі: «Бүгінгі жекпе-жекті көріп отырып, Қанат Ислам мен Сауль Альварес шықса, Қанатты қай ауруханаға апарамыз деген ой келді».

Нұрғазы Сасаев, спорт журналисі: «Құлатты! «Соққысы тау құлатарлықтай» деген теңеу осындайда айтылатын шығар. Өзінен ірі боксшыны да сылқ еткізді. Біздің "Сары бала" мұнымен шықпай-ақ қойса екен...
Canelo Alvarez (53-1-2, 36 KOs) және Sergey Kovalev (34-4-1, 29 KOs)».

Руслан Түсіпбеков, желі белсендісі: «ГЕНА мен ҚАНАТ Альвареска жоламағаны жақсы. Босқа таяқ жеп қалатын сияқты ғой»

Қайрат Әбілда, журналист: «Канело-Ковалев жекпе-жегіне келсек, 36 жастағы орыс боксшысы үшін карьерасының осылай аяқталғаны ешқандай да өкініш тудырмайды. Оны дәл қазіргі уақытта әлемдегі ең мықты былғары қолғап шебері «зор құрметпен» зейнеткерлікке шығарып салды. Бұл – заңы қатал, бірақ өте әділ кәсіпқой бокс, бауырым!»

Көсемәлі Сәттібайұлы, журналист: «ЖИРЕН» ЖЕҢДІ! Он бірінші раундта Сергей Ковалев жақтан тиген ауыр соққыдан құлап түсіп, есін жия алмай отырып қалды.
Сұмдық! Бұл «жиренді» тәубесіне келтіретін боксшы қашан пайда болар екен!
Салыстырмалы түрде қарасақ, біздің Геннадий Головкин шынында мықты екен, мынандай «диюге» шыдас беріп, тең түсіп жүрген.
«Жирен» шын мәнінде мықты, мойындадым. Сосын... орыс комментаторларының салқынқандылықтарына риза болдым. Олар да ер екен, әр нәрсені бір оттап, ақталып кетпей, жерлестерінің жеңілгенін азаматтарша айта білді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер