Бокс

WBO жаңартылған рейтингі: Ислам алғашқы ондықта, Әлімханұлы 13-орында

WBO жаңартылған рейтингі: Ислам алғашқы ондықта, Әлімханұлы 13-орында
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде өзінің салмақ дәрежесі бойынша 13-орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық орта салмақ дәрежесінің алғашқы ондағына асықпай қадам басып келе жатыр. Орта салмақ титулына дәл қазіргі кезде Деметриус Андраде ие.

Сондай-ақ бұл тізімде тағы бір қазақ боксшысы Қанат Ислам бар. Ол сегізінші орынға тұрақтаған.

Ал топ басында канадалық Свен Батлер, екінші және үшінші орындарда америкалық Алантез Фокс пен ирландиялық Люк Килэр тұрғанын айта кету керек. Украиналық Сергей Деревянченко да алғашқы ондықтан ойып тұрып орын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер