Әлем футболы

Англия құрамасы іріктеуде соңғы 10 жылда тұңғыш рет ұтылды

Англия құрамасы іріктеуде соңғы 10 жылда тұңғыш рет ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионатына іріктеу барысында Англия құрамасы сырт алаңда Чехия құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Прага қаласында өткен матч 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Харри Кейннің бесінші минутта соққан голына Чехия Якуб Брабец пен Зденек Ондрашек соққан қос доппен жауап қатты.

Англия A тобында көш бастап тұр. Чехия құрамасы екінші орында. Алғашқы екі орын Еуропа чемпионатына тікелей жолдама береді.

Айта кетейік, Англия құрамасы Әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу ойындарына соңғы 10 жылда ешбір құрамадан ұтылмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер