IBF титулынан үміткер боксшы Головкинмен қай жерде жұдырықтасатынын мәлімдеді

IBF титулынан үміткер боксшы Головкинмен қай жерде жұдырықтасатынын мәлімдеді

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы жекпе-жегінің қай жерде өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.

 - Головкинге қарсы жекпе-жегім ақпан айының басында өтеді деп естідім. Жекпе-жек польшалық жанкүйерлер көп орналасқан Чикаго қаласында өтетін шығар, — деді Камил в интервью TVP Sports<span> - деп мәлімдеді Шеремета.</span>

Қыркүйектің IBF рейтингінде Шеремета, Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан кейін (13-2, 10 КО) үшінші орында тұрған болатын. Камил қазан айының рейтингінде көш бастап, титул үшін ресми үміткер болады деп күтілуде.

Головкин дәл осы польшалық боксшыға қарсы жұдырықтасуы мүмкін<span> </span>деген ақпарат кеше тараған болатын. 

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или