Қанат Исламның титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады
Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Алматыда 26 қазанда өтетін титулды жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>«Qazaq promotions» компаниясының Instagram-парақшасында белгілі болғандай, билеттерді Zakazbiletov.kz порталынан алуға болады екен. </span><span>Сондай-ақ, оффлайн түрде «ZAKAZBILETOV.KZ кеңсесінен (Наурызбай батыр 152А мекенжайынан), «Овация» тұрғын үй кешенінің 4 кеңсесінен алуға болады. Жұмыс кестесі 10:00-18:00 аралығы. Билеттер үзіліссіз, сенбі және жексенбі-демалыс күндері де сатылады. Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы ғимаратындағы - «Visit Almaty» орталығынан билет алуға болады», - делінген хабарламада.</span>
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондокваға (18-1, 17 КО) қарсы сынға түседі.