Бокс

GGG: Бізді сұрапыл айқас күтіп тұр

GGG: Бізді сұрапыл айқас күтіп тұр
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz.

«Шынымдыайтайын, мен өте қуаныштымын. Бізді сұрапыл айқас күтіп тұр! Қарсылас команда өте мықты, олар сақадай сай дайын отыр. Боксты, мені, осы шоуды, DAZN стримингтік ұйымын және менің барлық әріптестерім мен демеушілерімді қолдайтын адамдарға алғыс білдіргім келеді. Мен дайынмын, толқып та жүрмін. Осы кездесуге сұмдық дайындалдық және көп уақыт жұмсадық. Сіздер шынымен де нағыз айқасты көргілеріңіз келсе, онда сенбі күні кешке өтетін жекпе-жекті жіберіп алмаңыздар», - деді Головкин баспасөз мәслихатының соңында.

Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко 6 қазан күні Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарденінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласады. Бұл екі белбеу де «Канеломен» жұдырықтасқанға дейін Геннадий Головкиннің белінде «жүрген» еді. 37 жастағы қазақстандық боксшының айырылып қалған атақтарын қайтарып алатын мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер