Дмитрий Шомко: Әр ойында жеңіске жетуге тиіспіз
— «Қайсар» өте жақсы ойын көрсетті. Оларда кемі бір гол соғатын мүмкіндік болды деп ойлаймын. Бірақ біз бүгін қорғаныста өте сауатты ойын көрсеттік. Біз өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдаланып, маңызды жеңіске қол жеткіздік.
— Жылдам гол жұмыстарыңызды жеңілдетті ме?
— Иә, барлығы біздің жоспарымызға сай өрбіді. «Қайсар» сапында жылдам ойыншылар барын білдік. Жалпы алғанда, біз оларға еш мүмкіндік берген жоқпыз.
— Манчестердегі ойыннан кейін, Қазақстан чемпионаты аясындағы ойындар қаншалықты қиын болды?
— Талдықорғандағы ойынға келер болсақ, біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Алыс жолдан аздап шаршағанымыз да бар. Бірақ, ол ақталатын жағдай емес. Егер біз чемпион атанғымыз келсе, әр ойында жеңіске жетуге тиіспіз. Ал келесі «Атырауға» қарсы ойында, қарсыластан толықтай басым болдық. Бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешіп тастап, екінші таймда асықпай ойын өткіздік. Бүгін де алаңға тек жеңіс үшін шықтық. Барлығы үш ұпай үшін барын салып, жақсы ойын көрсетті. Жігіттер жарады.
— «Партизанның» ойынын зерттеп үлгердіңіздер ме? Олар жақында ғана «Црвена Звездаға» қарсы үлкен дерби өткізді.
— Ештеңе көрген жоқпыз. Біз бірінші кезекте Қазақстан чемпионаты аясындағы ойынға дайындалдық. Ертеңнен бастап алдағы ойынға дайындықты бастаймыз.
— Көптеген мамандар «Астананың» «Партизан» командасын жеңуге толықтай қауқарлы деген пікір білдіруде. Алайда, сербиялық команда құрамында Зоран Тошич сияқты тәжірибелі ойыншылар жетерлік...
— Еуропа Лигасының топтық кезеңінде лайықты нәтижеге жеткіміз келсе, әр ойынға ерекше дайындалуымыз қажет. Үйдегі ойында ең кем дегенде жеңіске жетуіміз керек. Еурокубоктердегі әр ұпай алтынмен тең. Өткен маусымда топтан шығу үшін 1-2 ұпай жетпей қалғанын жақсы білесіздер. Осы маусымда қолдан келгеннің барлығын жасауымыз қажет. Иә, біздің ойын кестеміз өте тығыз. Ештеңе де етпейді. Соңғы бес маусымда осы кестеде ойнап келеміз. Біз барынша тырысып, лайықты ойын көрсетуіміз керек. Біз Еуропа Лигасында барлық Қазақстанның намысын қорғаймыз. Барынша лайықты ойын көрсетіп, қажетті нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.