Қазақстан — Грузия кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды

Қазақстан — Грузия кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды

Тбилисиде өткен америка футболынан Грузия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Massaget порталына сілтеме жасап.

Төреші ысқырығына санаулы минуттар қалғанда таблодағы есеп қонақтардың пайдасына 12:22-ні көрсетіп тұрған. Алайда матч бітпей жатып қос команданың ойыншылары жаға жыртысты.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Рүстем Амангелдиновтің айтуынша, қос команданың ойыншылары бір-бірін жағадан алған. Оларды ажырату кезінде №33 нөмірлі ойыншының бетіне қарсыласының дулығасы тиіп кеткен. Осыдан кейін екі жақты шиеленіс арты жаппай төбелеске ұласты.

- Соңғы минутта келеңсіз оқиға болды. Қазақстан құрамасының ойыншысы грузин спортшысын арандатып, төбелес басталып кетті. Қарсылас командадан зардап шеккен бір ойыншы бірден аурухана жеткізіліп, тексерістен өтті. Бәрі жақсы. Матчтан соң екі құрама бір дастарханның басында жиналды. Келеңсіз оқиғаны ұмытып кетті. 

Бірнеше ойыншы жазаланады. Ал төбелесті бастаған ойыншыларға америка футболымен айналысуға тыйым салынады. Комиссия бұл оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттейді, - дейді Грузияның америка футболы федерациясының вице-президенті Давид Палавандишвили First & Goal басылымына берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или