Beautiful Football
Әлем футболы

Месси – үздік. Оған 17 себеп бар

Месси – үздік. Оған 17 себеп бар
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды. Аргентина футбол жұлдызы әлемнің үздік ойыншысы атанғаннан соң, “Барселона” клубы ресми сайтында не үшін оның үздік фуболшы екендігін дәлелдейтін 17 себеп келтірді.

1. Ел чемпионаты мен Суперкубоктағы жеңісі

Өткен маусымда екі жарыста топ жарып, мансабындағы титулдардың санын 34-ке жетізі. Осылайша Лео "Барселонаның" тарихындағы үздік көрсеткішке ие болды.

2. Ла Лиганың үздік сұрмергені

Месси өткен маусымда Испания чемпионатында 34 матч өткізіп, 36 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген. Осының арқасында "Барселонаның" Ла Лигада 26-ші мәрте жеңімпаз атануына үлесін қосты. Оған қоса қатарынан үшінші рет чемпионаттың үздік сұрмергені атанып, "Алтын бутсының" санын алтауға жеткізді.

3. Еуропа "Алтын бутсының" иегері

Лео ел біріншілігінде сұрмерген болып, "Алтын бутсыны" жеңіп алды.

4. Чемпиондар Лигасының алтыншы мәрте үздік сұрмергені

Месси Чемпиондар Лигасының аясында өткізген 10 матчында 12 гол соққан.

5. "Барселонаның" сапында 600 гол соқты

Клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанып қана қоймай, көрсеткішін жылдан жылға жақсартып келеді.

6. Еуропа чемпионаттарында айыпдобын ең сәтті орындаған

2019-19 маусымда Месси алты мәрте айыпдобын қақпаға тура дәлдеген. Бұл көрсеткіш бойынша ол Испания, Франция, Италия, Германия және Англия чемпионаттарында теңдессіз.

7. Примерада - 400 гол

Месси Испания чемпионатында 400 гол соққан алғашқы ойыншы.

8. Мансабында 6-шы рет 50-ден көп гол соқты

Алты маусымда Месси 50 көп голың авторы атанған. Өткен маусымда ол 50 ойында 51 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Оның 36-сы Ла Лигада, 12 – Чемпиондар Лигасында, 3 – Кубокта.

9. Ла Лигада жеңіске жету бойынша рекордты жаңартты

Турнир тарихында жеңіске жету саны бойынша "Реалдың" қақпашысы Икер Касильястің рекордын жаңартып, үздік болды.

10. "Барса" жейдесінде жеңіске жету бойынша рекорд

Месси барлық турнирде 477 матчта жеңіске жетіп, Хавиден озып кетті.

11. Чемпионатта жеңіске жету бойынша "Барсаның" рекордын орнатты

Ла Лиганың 10 жүлдесін алып, клубтың рекордын орнатты.

12. Нәтижелі пас бойынша Ла Лигада - үздік

Месси гол саны бойынша ғана емес, нәтижелі пас бойынша да Испания чемпионатында көш бастады.

13. Америка Кубогының қола жүлдесі

Месси Аргентина құрамасын Копа Американың жартылай финалы шығарды. Одан кейін жүлделі үшінші орыннан көрінді.

14. 11 маусымнан бері 20 голдан аз соқпай келеді

Месси мұндай нәтижеге қол жеткізген жалғыз футболшы. Ол 2008-09 жылғы маусымнан бастап әр маусымда кемінде 20 гол соққан.

15. Испания Кубогінде – 50 гол

Месси өткен маусымда Король кубогінде 3 гол соқты. Енді оның бұл турнирдегі жалпы голдар саны – 51. Король кубогінде тек Хосеп Самитьер (1919 жылдан 1932 жылға дейін ойнаған) ғана 64 гол соққан.

16. 50-ден аса хет-трик

Месси өткен маусымда “Севилияға” қарсы кездесуде 3 гол соғып, хет-триктер санын елуге жеткізді. Оның 44-ін “Барселона” сапында, алтауын Аргентина ұлттық құрамасы сапында соққан.

17. Испания Кубогінің алты финалында гол соққан алғашқы футболшы

Месси өткен маусымда Испания Кубогы финалында “Валенсияға” гол соқты. Бұл маусымда Мессидің финалдағы соққан голы алғаш рет жеңіс сыйлаған жоқ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер