Теннис

Бублик Санкт-Петербор турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Бублик Санкт-Петербор турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Александр Бублик Санкт-Петербор ATP турнирінде жеңіліп қалды.

Дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған А.Бублик алғашқы айналымда осы турнирдің сегізінші, әлемнің 60-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен күш сынасты. Қазақстандық теннисші биыл 22-ге толса, одан бір жас кішілігі бар қарсыласы мамандардың назарын аударып үлгерген талантты жастың бірі еді. Бірінші сетте мәселе тай-брейкке дейін жетіп, онда А.Бублик басымдық көрсетті – 7:6(7:3). Екінші партияда есеп 1:1 болған мезетте К.Рууд брейк жасап кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтай білді – 6:4. Қай спорт түрі болмасын өз мүмкіндігіңді пайдаланбасаң, опық жеп қаласың. Үшінші, шешуші сетте төртінші геймде Бублик брейк-пойнтты мүлт жіберді. Содан кейін К.Рууд күш алып кетті – 6:2.

Бәсеке тура екі сағатқа созылды.



Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер