Деревянченко: GGG-ді жеңіп, чемпиондық белбеуді Украинаға алып кетемін

Деревянченко: GGG-ді жеңіп, чемпиондық белбеуді Украинаға алып кетемін

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Головкинмен болатын жекпе-жек жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

- Генамен жекпе-жек өткізуге тез келісімге келдік. Келіссөздер үш апта ғана жүрді. Әдетте үлкен жекпе-жек алдында бір келісімге келу өте қиын. Ұзаққа созылатын процесс. 

Қарсыласымда таңғалдыру үшін барынша дайындалып жатырмын. Кездесудің тағдырын бір ғана соққы шешіп кетуі мүмкін. Головкинің мықты боксшы екенін түсінемін. Бұрынғы әлем чемпионы, орта салмақтағы үздік боксшы. Бірақ мен өз күшіме толық сенімдімін. Головкинді жеңіп, чемпиондық белбеуді Украинаға алып кетемін. Сол үшін тер төгіп жаттығып жүрмін. 

Головкиннің командасы бірнеше рет жекпе-жектен бас тартты. Оның арқасында мені танымалдылық жинап жүр деді. Алайда, бұның бәрі бос сөз. Бокс - үлкен бизнес. Баспасөз үшін бірдене айтуын керек. Ереже бойынша мен титулға міндетті үміткер атандым. IBF ол ережеге бағынып, боксышларға чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік сыйлатынына қуаныштымын - деді Деревянченко. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Деревяенченко арасындағы жекпе-жек <span>5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бәске орта салмақтағы IBF белбеуі тігіледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или