Әлем футболы

Роналдиньоға қомақты айыппұл салынды

news-banner7
mobile-news-top

Порту-Алегре соты қарызын өтей алмаған «Барселонаның» экс-ойыншысы Роналдиньоның паспортын алып қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2015 жылы бразилиялық футболшыға тыйым салынған жерде құрылыс салып, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 200 мың доллар айыппұл салынған еді. Алайда Роналдиньо оны төлеуден бас тартқан. Есесіне үш жылда айыппұлдың құны 2,1 млн долларға дейін өсіп кетті. Егер 1 қазан күніне дейін айыппұл жабылмаса үстінен тағы 300 мың доллар қосылады.

Сонымен қатар, экс-футболшының 57 жеке меншік заттары тәркіленді. Оны басқа да кредиторлар ұстай алмай жүрген көрінеді. Роналдиньо оларға 1,7 млн доллар қарыз.

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатының прокуратурасы Рональдиньоның шотында небәрі 6 еуро ғана қалғандығын анықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер