Әлем футболы

Симеоненің кенже ұлы «Атлетикоға» ауысады

Симеоненің кенже ұлы «Атлетикоға» ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Диего Симеоненің кенже ұлы Джулиано жақын арада «Атлетико Мадрид» клубының академиясына ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Marca басылымының жазуынша, 16 жастағы Джулиано Симеоне қазіргі таңда өз елінің «Ривер Плейт» клубының академиясында өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, Диего Симеоненің Джулианодан бөлек тағы екі ұлы бар. Үлкені 24 жастағы Джованни Италия А сериясында, «Кальяри» сапында доп тебеді. Ал екінші ұлы 21 жастағы Джунлука Испанияның үшінші дивизионында бақ сынайтын «Ибиц» командасында өнер көрсетеді. Бірақ ол жақында Диего Марадона тізгінін ұстайтын «Химнасия Ла-Плата» клубына тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер