10 қыркүйек

Деревянченконың бапкері: Мен өз шәкіртімнің жеңісіне кәміл сенемін

Журналист
Тегтер: Головкин
Деревянченконың бапкері: Мен өз шәкіртімнің жеңісіне кәміл сенемін

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье Головкинмен болатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біз барымызды салып жұмыс істеудеміз, жаттығып жатырмыз. Сергей джеб жасауда әлсіз. Алайда біз оны жақсарту үшін мықтап дайындаламыз. 

Артқа кетуді үйреніп жатырмыз. Сергей балғабас акула секілді жұдырықтасатын болады. 

Ең бастысы, ол мені тыңдайды. Деревянченкоға бағытын өзгерту керек болса, ол өзгертеді. Мен өз шәкіртімнің жеңісіне кәміл сенемін», - дейді Розье.

Андре Розье бұған дейін Кёртис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты Головкинге қарсы жекпе-жектерге дайындаған.

Бұған дейін Розье Головкин туралы: «GGG – жеңілмеген боксшы. «Канеломен» өткізген екі айқаста да Головкин жеңді деп санаймын. Ол соққысы жойқын боксшы, бірақ Сергей де мықты» деген болатын.

Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте IBF-тің орта салмақ санатында бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін айқас өткізеді.

Түпнұсқасы:Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Тегтер: Головкин
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.