Әлем футболы

Ресейде - Дзюба, Қазақстанда кім?

Ресейде - Дзюба, Қазақстанда кім?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің тағы бір матчы Ресей мен Қазақстан арасында өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ресейліктер бізбен санасуды қойған. Көкейлерінде үш ұпай. Ол түсінікті де. Алдағы екі ойынды өз алаңында ойнайтын орыстар қалай да алты ұпай еншілеп, құрлық біріншілігінің жолдамасын ертерек жеңіп алуды қалайды. Мәселені бірден шешіп тастайтын қауқары да бар олардың. Басқа футболшыларын былай қойғанда 36 жастағы ардагер Юрий Жирковтың өзі әлі негізгі құрамнан орын алып жүр. Дзюба, Головин, Ионов деп кете беруге болады. Кең-байтақ Ресейден футболшы табылмағандай, тіпті бразилиялықтар Маринато Гильерме мен Марио Фернандеске азаматтық беріп, құрамаға қосқанын қайтерсіз?!

Негізі, біздің айтпағымыз олар емес. Артем Дзюба деген алып бар Ресей ұлттық құрамасында. Соңғы кезде ойыны жүріп тұрған Артем Еуропа чемпионаты кампаниясында 6 голымен сұрмергендер көшбасшыларының біріне айналды. Оған нәтижелі екі пасты қосыңыз. Сосын алдағы бес ойында қанжығасы майланса, Артекең орыстарды чемпионаттың негізгі кезеңіне алып шығуы бек мүмкін. 31 жастағы Дзюба ұлттық құрамаға 18 (ресми емес матчтарды қосқанда 21) гол салған екен. Бұл атақты Олег Блохин мен Александр Кержаковтан кейінгі үшінші нәтиже. Алдағы ойындарда 3-4 гол соғып жатса, Ресей тарихындағы үздік шабуылшы атанары анық команда капитанының. Кейбір дереккөздерге сенсек, ағылшының «Кристал Пэлас», «Эвертон» және «Вулверхэмптон»командалары Артем Дзюбаға көз тігіп отыр-мыс. Қысқы трансферлік кезеңде аталмыш клубтың бірі оны өз қатарына қосады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер